2021 жылдың 6 қазанында Бейбітшілік және келісім сарайында (Нұр-сұлтан қаласы) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен XIX Съезд Хатшылығы өтеді.
XIX Съезд Хатшылығының күн тәртібі мынадай мәселелерді қарауды көздейді:
- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысы мен пандемиядан кейінгі даму жағдайындағы Съездің маңызы.
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәдениеттер мен өркениеттердің жақындасуындағы қазіргі заманғы діни көшбасшылардың рөлін анықтау, халықтар достастығын нығайту үшін 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің пленарлық және секциялық отырыстарының форматы, сондай-ақ тақырыбын анықтау.
- Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалін беру критерийлері.
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі көрнекті рөлі туралы арнайы құжат жобасын талқылау.
- Съез Хатшылығының ХХ отырысын өткізу күні мен орнын айқындау.