Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов деңгейінде СІМ-аралық консультациялар өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда сауда-экономикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерін талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасылды. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматындағы диалогты дамытуға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Стороны обсудили актуальные вопросы двустороннего сотрудничества, в том числе в торгово-экономической, транзитно-транспортной и культурно-гуманитарной сферах. Рассмотрен график предстоящих мероприятий на высшем и высоком уровнях.

Состоялся обмен мнениями по взаимодействию в рамках региональных и международных организаций. Особое внимание было уделено развитию диалога в формате Консультативных встреч глав государств Центральной Азии.

По итогам переговоров стороны подписали Программу сотрудничества между Министерством иностранных дел Республики Казахстан и Министерством иностранных дел Туркменистана на 2021-2023 годы.