«Электрондық үкімет - Egov.kz» қызметтері

«Электрондық үкімет - Egov.kz» қызметтері

Қазіргі дүниежүзілік пандемия және әлеуметтік қашықтықты ұстау жағдайларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі біздің барлық азаматтарымызға келесіні еске салады:

Сіз «Egov.kz – электрондық үкімет» порталы (https://egov.kz/cms/kk) арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта ала аласыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 87% -дан астамы «Egov.kz» сайтында қол жетімді екенін атап өтеміз.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына қарай электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 90%-ға жетеді.

Өз кезегінде, электрондық үкімет порталына кіру үшін өзіңіздің 10 минуттық уақытыңызды бөліп, осы сайттағы көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық кілт алу қадамдарымен танысуыңыз қажет болады.

Оған қатысты анықтамалық сілтеме келесідей: https://egov.kz/cms/kk/services/pass_onlineecp.

Аталған сайтта мемлекеттік қызметтерді алғаннан кейін сіз өзіңіздің мәртебеңізді растау үшін тиісті құжатты немесе анықтаманы (мысалы: соттылығы, отбасылық жағдайы және т.б. анықтамалар) шет мемлекеттің жергілікті органдарына бере аласыз. «Egov.kz» арқылы берілген анықтамалардың аудармасын және түпнұсқалық көшірмесін Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімінде алдын-ала растау қажеттігін ескеруді сұраймыз.