Құрметті Финляндиядағы Қазақстан азаматтары!
Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдік мекемелері 19 мемлекеттік қызмет көрсететінін хабарлайды. Қазіргі уақытта оларды электрондық форматқа көшіру үшін көрсетілген Тізілімге өзгерістер енгізу пысықталуда. Бүгінгі күні «Электрондық үкімет» (https://egov.kz/cms/kk) порталы арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтердің 87% - дан астамы қолжетімді.
Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие бола отырып, Сіз көрсетілген портал арқылы қажетті қызметке тапсырыс бере аласыз.