
ҚАУЛЫСЫ
2020 жылғы 23 қазан__ № 59
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен барлық келетіндер кем дегенде 3 тәулік бұрын алынған анықтаманы ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;
Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі;
2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; тиісті санаттағы жүргізуші куәліктері болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты және транзиттік қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес) және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратынын растайтын құжаттарды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжаттар тізбесі мен үлгілеріне сәйкес) ұсынған жағдайда ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелерін; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес термометриядан және сауалнама алудан өтеді;
тиісті санаттағы жүргізуші куәліктері болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты және транзиттік қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес) және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратынын растайтын құжаттарды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжаттар тізбесі мен үлгілеріне сәйкес) ұсынған жағдайда ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелері; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес термометриядан және сауалнама алудан және ПТР әдісімен COVID-19-ға зерттеп-қараудан өтеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға материал алынғаннан кейін межелі жеріне дейін маршрут бойынша жол жүруді жалғастырады. Келген адамнан COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесі алынған жағдайда мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты сауалнамада көрсетілген маршрут парағына сәйкес қазіргі уақытта келген адам аумағында орналасқан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментіне береді. Қазіргі уақытта келген адам аумағында орналасқан санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маманы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі – ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы хабарлайды. ДСБ келген адамды медициналық қарап-тексеруді қамтамасыз етеді, CОVID-19 белгілері болған жағдайда оны инфекциялық стационарға жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. COVID-19 белгілері болмаған жағдайда оған COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және межелі жерге келгеннен кейін МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы хабардар ету қажет екенін түсіндіреді. ДСБ осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаменті және ДСБ келген адамның межелі жеріндегі ДСБ-ға COVID-19-ға зерттеп-қараудың оң нәтижесі бар адамның жол жүргені туралы хабарлайды;
3) тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шетелден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
1-1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты және транзитпен қатынайтын халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер үшін тамақтануға және демалуға арналған тұрақ орындарын белгілесін. Аталған тұрақтарды қалалар мен аудан орталықтарының аумағында орналастыруға жол берілмейді.
1) Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарға дейін тасымалдауды;
2) келген адамдарды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынған күні карантиндік стационардан шығаруды қамтамасыз етсін.
1) шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;
2) 2 тәуліктен аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижесін беруді қамтамасыз етсін.
1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;
3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.
11 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы №54 және 2020 жылғы 5 қазандағы № 55 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына
2-қосымша
COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі
- әкелінген жағдайлар (авиарейстер, теміржол тасымалы, авто);
- байланыс жағдайлары (инфекция жұқтырғандардың жақын байланыстары санатынан);
- жергілікті жағдайлар (жұқтырудың анықталмаған көздері);
- профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған жағдайлар.
1.1 Әкелінген жағдайларды тіркеу:
1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі – СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVІD-19 Веб-қосымшасында (бұдан әрі - COVІD-19 Веб-қосымшасы) не қағаз тасығышта басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін қағаз тасығыш нысанында сауалнама жүргізеді. Сауалнаманы жолаушылар өз бетінше немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.
1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады.
1.1.3. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде СКП қызметкерлері рейс/поезд/авто келгеннен кейін екі сағат ішінде мәліметтерді COVID – 19 Веб-қосымшаға көшіреді.
1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1А, 1Б, 2, 3А, 3Б, 4, 5А, 5Б, 5В, 5Г, 5Д, 5Е кестелеріне сәйкес деректер жинауды жүргізеді, сондай-ақ деректерді COVID-19 Веб-қосымшаға енгізеді.
1.1.5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі – ҚДБ) мамандары 1Б, 3Б, 4, 5Б, 5В, 5Г кестелеріне, сондай-ақ 38-қосымшаға сәйкес инфекция жұқтырғандар туралы барлық деректерді АД-ға ұсынуы, сондай-ақ 1Б, 3Б, 4, 5Б, 5В, 5Г кестелеріне, сондай-ақ осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес байланыста болған адамдар туралы барлық деректерді АД-ға ұсынуы қажет.
1.2. Байланыс жағдайларын тіркеу:
1.2.1. Байланыста болған адамдарды анықтау бойынша диагностикалық іс-шаралар және сұрау жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4 және 1.1.5-тармақтарына сәйкес COVID-19 веб-қосымшасына «Пациентті қосу» бөліміне енгізіледі.