Меню

Страницы

Статья

Eкіжақты қарым-қатынастар

САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Аса жоғары деңгейдегі байланыстар:

Президент Қ.Тоқаев ФР Президенті С.Ниинистемен 2019 жылғы 25 қыркүйекте және 2023 жылғы 19 қыркүйекте НьюЙоркте БҰҰ БА отырыстары шеңберінде кездесіп, ФР Президенті А.Стуббпен 2024 жылғы 12 қарашада БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі COP 29 конференциясы аясында кездесулер сондай-ақ 2024 жылғы 21 мамыр мен 4 желтоқсанда телефон арқылы әңгімелесулер өткізді. 

ФР Президенті М.Койвисто 1992 жылғы 29 қыркүйекте ҚР-ға ресми сапармен барды. ФР Президенті Т.Халонен 2010 жылғы 1 желтоқсанда ҚР-ға барды. ФР Президенті С.Ниинисте 2013 жылғы 16-18 сәуірде ҚР-ға келіп, 2015 жылғы 9-10 маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезіне қатысты және 2017 жылғы 19-20 маусымда ЭКСПО2017-ге барды.

Президент ННазарбаев 1992 2009 және 2018 жылдары Финляндияға барып, халықаралық іс-шаралар аясында фин басшыларымен кездесті

Жоғары деңгейдегі байланыстар (2020-2024):

2020 жылдың 24 ақпанында Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Женевада ФР Сыртқы істер министрі П.Хаавистомен кездесті

2021 жылғы 13-14 мамырда ФР Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі В.Скиннари ҚР-ға сапармен келіп оның барысында Президент Қ.Тоқаевтың қабылдауында болды

2022 жылғы 14 ақпанда фин тарапының бастамасымен Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ФР Сыртқы істер министрі П.Хаавистомен телефон арқылы сөйлесті

2022 жылғы 10-12 қазанда ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев бастаған қазақстандық делегацияның Финляндияға сапары өтті

2023 жылғы 23-25 ақпанда Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі В.Скиннари ҚР-ға сапарымен барды

2023 жылғы 30 қарашада ЕҚЫҰ СІМК алаңында Скопьеде ПремьерМинистрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Финляндияның Сыртқы істер министрі Э.Валтоненмен кездесті

2023 жылғы 13 желтоқсанда Хельсинкиде сімаралық саяси консультациялар өтті

2024 жылғы 11 сәуірде Сыртқы сауда және даму министрі В.Тавио Саудаэкономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақфин Үкіметаралық комиссиясының 13ші отырысына қатысу үшін ҚР-ға сапармен келді


ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Финляндияға сапарлар:

Мәжіліс төрағасы У.Мұхамеджанова (1-2 маусым 2010 ж.);

- Мәжіліс төрағасы ННығматулин (19-21 қазан 2016 ж.);

Сенат төрағасының орынбасары А.Шәкіров (23 қыркүйек 2022 ж.).

Қазақстанға сапарлар:

ФР Парламент спикері Э.Хейналуома (3-6 наурыз 2014 ж.);

ФР Парламентінің Бірінші Вицеспикері М.Пеккаринен (2016 жылғы желтоқсан және 2017 жылғы 21-23 маусым); 

- ФР Парламентіндегі ОАмен парламентаралық достық тобының төрағасы В.Скиннари (15-16 қаңтар 2018 ж.);   

- ФР Парламентінің депутаты ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары, ЕҚЫҰ ПА-ның ОА бойынша арнайы өкілі П.Каума (26 сәуір 2022 ж.);

ФР депутаты К.Кильюнен төрағалық еткен ФР Парламентінің ОА-мен парламентаралық достық тобының делегациясы (25-29 қараша 2022ж.). 

Қазақстан мен Финляндия Парламенттерінде екі елдің парламентаралық "достық топтары" жұмыс істейді


КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан мен Финляндия халықаралық ұйымдар шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жасайды Екі мемлекет бір-бірінің бастамаларын сондай-ақ халықаралық құрылымдардағы кандидатураларды өзара қолдаудың қалыптасқан тәжірибесін ұстанады

 

Дата публикации
04 февраля 2020
Дата обновления
04 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
28 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
18 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
18 марта 2025
ҚР азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Социальные медиа

Facebook
Twitter
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары