Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылды.
Ассамблея құрамы - 583 адам.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстарда өңірлік ассамблеялар құрылды, оларды тиісті әкімдер басқарады.
Ассамблеяның жоғарғы органы жыл сайын еліміздің Президенті - ҚХА Төрағасының төрағалығымен өтетін сессия болып табылады. Оның барлық шешімдері мемлекеттік органдары үшін міндетті болып табылады.
Сессиялар арасында Ассамблея Кеңесі жұмыс істейді, оған республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері кіреді.
Ассамблея кеңесінің құрамы - 84 адам.
ҚХА қызметі ҚР Конституциясына, ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына (2008 ж.), сондай-ақ Президент Жарлығымен бекітілген ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына негізделген.
2022 жылдан бастап ҚХА-ның жоғары заң шығарушы орган – ҚР Парламенті Сенатында өкілдік етті. Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚХА ұсынысы бойынша 5 депутат тағайындалды.
Қазіргі таңда республикада 1000-нан астам этномәдени бірлестік, оның ішінде 14 республикалық бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде 405 этномәдени бірлестік ҚХА-да аккредиттелген (14 республикалық және 391 өңірлік).
ҚХА жұмысының бағыттарының бірі - қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтын дамытуға жәрдемдесу. Ассамблеяның медиация желісіне 1 республикалық және 19 Өңірлік кеңес, сондай-ақ 19-ы Достық үйлері жанынан кіреді, ҚХА қамқорлығымен 443 диалог алаңы ашылды. ҚХА медиаторларының саны - 1 222 адам.