GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Елшілік туралы
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
28 августа 2026
Қазақстанның Вьетнамдағы мәдениет күндері екі елдің өнер шеберлерін біріктірді

Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Ханой қаласында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті.

Ho Guom Opera театрында өткен іс-шарада Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі. Үкімет басшысының орынбасары Қазақстан мен Вьетнамды сыйластыққа, достық пен сенімге негізделген берік қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласындағы көшелердің біріне Вьетнамның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері Хо Ши Миннің есімі берілді. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани мұраны сақтауда мәдениеттің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.

«Өйткені мәдениет – тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі қоғамның рухани тірегі және келешек ұрпаққа қалдыратын ең қымбат құндылығымыз. Қазақстан өнері Ұлы даланың терең тарихынан, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани болмысынан бастау алады. Қазақтың қоңыр күйі мен әсем әні, дәстүрлі өнері мен заманауи шығармашылығы арқылы вьетнамдық көрерменге еліміздің мәдени келбетін таныстыруды зор мәртебе санаймыз», – деді Аида Балаева.

Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суан Вьетнамның мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі ретінде зор мән беретінін атап өтті.

Гала-концертке Қазақстан мен Вьетнамның көрнекті өнер шеберлері қатысты. Бағдарламада қазақ күйлері мен халық әндері, сондай-ақ вьетнамдықтардың кеңінен танымал «Nguoi Ha Noi» және «Hà Nội mười hai mùa hoa» шығармалары орындалды. Қазақстандық және вьетнамдық өнерпаздар бірлесіп орындаған «Достық әуендері» композициясы мәдени диалогтың ерекше нышанына айналды. Бұл туындыда вьетнамның «Trống Cơm» халық әні мен Құрманғазының «Жима» және «Балбырауын» күйлерінің әуендері үйлесім тапты.

 

https://www.facebook.com/share/p/1Yht96uSdm/?mibextid=wwXIfr

11 августа 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2026 жылғы 23 тамызда Ханой қ. уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан №476 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып, белсенді сайлау құқығына ие болсаңыз, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға заңды құқығыңыз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді сайлаушылардың тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №476 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Вьетнам Социалистік Республикасы, сондай-ақ Камбоджа мен Лаос аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) hanoi@@mfa.kz электрондық поштасына «Құрылтай сайлауы» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №476 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +84 96 579 72 27

06 августа 2026
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Президент сөзінде еліміз цифрлық даму тұрғысынан стратегиялық таңдау жасағанына тоқталды.

– Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 193 мемлекеттің арасынан 24-орын алады. Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр. Біз бірыңғай инновациялық экожүйе құрып жатырмыз. Мұнда жасанды интеллект мемлекетті, экономиканы, бизнесті басқарудың маңызды тетігі ретінде қоғам өмірінің барлық саласына дендеп енеді. Былтырғы Жолдауымда алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру бойынша нақты міндет жүктедім. 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау да – осы стратегиялық бағдарды жүзеге асыруға бағытталған қадам. Бұдан бөлек, инновацияға иек артатын ел дамуының негізгі бағыттары 1 шілдеде күшіне енген Қазақстанның жаңа Конституциясында анық көрсетілген. Бұл – барлық үдерістің басы ғана, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатынын айтты.

– Былтыр Бейжіңде өткен Жасанды интеллект бойынша олимпиададан Қазақстан оқушылары үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Ел мерейін асыратын бұл жетістік жастарымыздың зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің зор екенін көрсетеді. Орайлы сәтті пайдалана отырып, талантты өрендерімізге бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен тәлімгерлерге алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл олимпиада жасанды интеллектіні зерттеуші жастардың халықаралық қауымдастығының дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді.

– Білім қай заманда да халықты біріктіріп, адамзатты өркениеттің шыңына жетеледі. Сіздердің қарым-қабілеттеріңіз медицина, білім, экология және басқа да өте маңызды салалардағы тың шешімдерге негіз бола алады. Дәл осы олимпиадада әлемді өзгертетін жаңа идеялар мен жобалар дүниеге келуі мүмкін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп, осы маңызды шараны ұйымдастыруға үлес қосқан барша азаматқа шынайы ризашылығын білдірді.

Салтанатты рәсімде Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фу, Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада кеңесінің төрағасы Елена Маринова, Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты.

Астана қаласында 2-8 тамыз аралығында өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Олар ЖИ үлгілерін әзірлеу және автоматты роботтарды бағдарламалау сайыстарында бақ сынайды.

06 августа 2026
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы бірқатар автокөлік жолының құрылысын бастап берді

Президент «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстанның өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыт екеніне тоқталып, бүгін еліміз үшін стратегиялық мәні айрықша ауқымды жобалардың құрылысы басталатынын мәлімдеді.

– «Жол – тіршіліктің күретамыры». Мемлекет осы саланы дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамыту. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Баршаңызға белгілі, еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын негізгі көпір саналады. Батыс пен Шығыс арасында құрлықпен тасымалданатын жүктің басым бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Сондықтан озық және заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Жалпы, елімізде бұл бағытта көптеген шаруа атқарылып жатыр. Былтыр «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылды. Соның арқасында жүк тасымалы көлемі 5 есе артты. Сондай-ақ Алматы бекетін айналып өтетін теміржол желісі жұмыс істей бастады, нәтижесінде жүк жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарды. Ең бастысы, осындай ауқымды жобаларды өз мамандарымыз жүзеге асырып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл жұмыстың бәрі Қазақстанның көлік-логистика саласындағы әлеуеті зор екенін көрсетеді.

– Өткен жылы еліміздегі жалпы тасымал көлемі 6 пайызға артып, шамамен 37 миллион тонна болды. Биыл «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал», ал келесі жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, біз автокөлік саласына ерекше назар аударып отырмыз. Соңғы жылдары Қазақстанда тас жолдарды түбегейлі жаңғырту жұмысы қолға алынды. Бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба табысты аяқталды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Қарағанды – Алматы», «Орталық – Оңтүстік», «Атырау – Астрахан», «Талдықорған – Өскемен», «Қалбатау – Майқапшағай» бағытындағы жолдар – соның айқын дәлелі. Кейінгі 5 жылда автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі екі есе артты. Былтыр осы қызмет түрінен түсетін табыс 1,5 триллион теңгеге жетті. Өздеріңіз білесіздер, еліміз арқылы 8 халықаралық дәліз өтеді. Бұл жолмен күн сайын 35 мыңға жуық автокөлік жүреді. Өткен жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмысы жүргізілді. Соның 6 мың шақырымы халық игілігіне берілді. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттері толық жаңартылады. Мұндай ауқымды жұмыс Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жүзеге асырылып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазір Қазақстанның әр аймағында автожолдар жөнделіп жатқанын атап өтті.

– Жақында Сарыағаш айналма жолының құрылысы мен «Жезқазған – Қарағанды» автожолын жөндеу жұмысы басталды. Сонымен қатар еліміз бойынша көптеген тұрғын үй, мектеп, аурухана, инженерлік желі салынып жатыр, басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Бір сөзбен, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналатын болды. Бұл мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолына түсіп, жаңа даму кезеңіне қадам басқанын көрсетеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейнеу – Сексеуіл» бағытында 800 шақырымдық түбегейлі жаңа жолдың құрылысы басталғанына тоқталып, бұл бағдарды халықаралық ауқымдағы автожол деп атады.

– Осы жол ел аймақтары арасындағы байланысты нығайта отырып, Қытай мен Еуропаны жалғайтын «алтын көпір» ретінде қызмет етеді. Бұл жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау, Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейін жүк тасымалдау ұзақтығы 1 мың шақырымға, ал жүк жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін қысқарады. Халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу, көпір салу сауапты іс саналады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, біз игілігі баршаға ортақ, яғни өзіміз де, өзгелер де пайдасын көретін аса жауапты жұмысты бастап отырмыз. «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты  республикалық, аймақтық, құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды «Арал-Каспий магистралі» деп атаған дұрыс, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент жалпы ұзақтығы 774 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

– Бұл жолдардың құрылысымен отандық компаниялар айналысады. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам жұмысшы тартылады. Жолдар толық салынып біткен соң жүк тасымалы 2,5 есе артып, жылына 13,2 миллион тоннаға жетеді. Бұл жобалар ел экономикасын өркендетуге, туризмді дамытуға тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Осындай жобалардың әрқайсысы тұтас Қазақстанның көлік жүйесімен үйлеседі. Бұған дейін негізінен солтүстіктен оңтүстікке тартылған көлік желілері енді шығыстан батысқа қарай бағытталған жаңа тармақтармен кеңейіп жатыр. Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желінің біріне айналдыру. Қазақстандағы автокөлік тасымалы саласы табысы жағынан теміржол көлігімен теңесті. Сондықтан жолдың құрылысын жүргізумен бірге заманауи цифрлық экожүйе құру маңызды міндет саналады. Жергілікті автоөндірісті тарта отырып, отандық тасымалдаушыларды қолдаудың ұлттық бағдарламасын қабылдау әлеуетті еселейді. Мұның бәрі Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Арал маңындағы иен даламен тартылып жатқан жолдар бұған дейін тұйық нүкте саналып келген бағыттарды Еуразияның негізгі көлік дәліздерінің тоғысына айналдырады. Бүгін бастау алып жатқан жұмысты уақтылы, яғни 2029 жылдан кешіктірмей аяқтау өте маңызды. Қажетті жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Енді білек сыбана жұмысқа кірісу керек. Біз бір ел болып, бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Баршаңызға амандық, сәттілік және табыс тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Телекөпір барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жобаны бастауға әзірлік жөнінде баяндады. Бұдан бөлек Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, Президентке өңір тұрғындарының ризашылығын жеткізді.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-telekopir-arkyly-birkatar-avtokolik-zholynyn-kurylysyn-bastap-berdi-375757

 

04 августа 2026
Астанада әлемдік кино жұлдыздарының қатысуымен Comic Con Astana 2026 фестивалі өтеді

Елордада 6-9 тамыз аралығында бесінші рет Comic Con Astana фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шарада кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме және заманауи поп-мәдениет жанкүйерлері бір алаңда бас қосады.

2026 жылы Comic Con Astana былтырғыдай бірден екі алаңда өтеді. Фестивальдің басты сахнасы мен хедлайнерлермен кездесулер Barys Arena кешенінде өтеді.

Ал «Алау» мұз сарайы тақырыптық аймақтар, компаниялар мен серіктестердің стендтері, ойын алаңдары, түрлі таныстырылымдар, интерактивті бағдарламалар және қонақтарға арналған ойын-сауық аймақтары орналасатын ауқымды көрме кеңістігіне айналады.

Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы хедлайнері ретінде «Тақтар ойыны» сериалындағы Джейме Ланнистер рөлі арқылы әлемге танылған даниялық актер Николай Костер-Вальдау жарияланды. Оның фильмографиясында «Қара сұңқардың құлауы», «Аспан патшалығы», «Обливион», «Мысыр тәңірлері», «Мама», «Бос кеңістікке оқ», сондай-ақ «Оның маған айтқан соңғы сөзі» және «Патша мен жаулаушы» сериалдары бар.

Comic Con Astana қонақтарының қатарында тағы бір әлемге танымал актер – Иньяки Годой болады. Ол Netflix платформасындағы ең сәтті жобалардың бірі саналатын One Piece сериалында басты кейіпкер Манки Д. Луффиді сомдап, ең жас актерлерінің біріне айналды. Бұдан бөлек, ол «Жетілмегендер», «Сараны кім өлтірді?» секілді сериалдар арқылы да көрерменге жақсы таныс.

Фестиваль аясында Иньяки Годой басты сахнада жанкүйерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату мен фотосессияларға қатысады.

Халықаралық кино жұлдыздарымен қатар Comic Con Astana 2026 фестиваліне танымал блогерлер, контент авторлары мен әлемдік косплей индустриясының өкілдері де қатысады.

Фестивальдің арнайы қонақтары:

Kamui Cosplay – Германиядан келген, жоғары сапалы косплей костюмдерін жасаумен танылған әлемге әйгілі шығармашылық дуэт;

SuperCrastan (Даня Крастер) – ғылыми-көпшілік контент пен ерекше инженерлік жобаларымен танымал орыстілді YouTube-блогер;

Jane Kravitz – жұмбақ оқиғалар, зерттеулер және деректі бейнеэсселерге арналған YouTube арнасының авторы;

Karrambaby – сән, саяхат және күнделікті өмір туралы контент жариялайтын танымал ресейлік видеоблогер;

Dobryak – миллиондаған қаралым жинаған анимациялық роликтердің авторы, орыстілді YouTube кеңістігіндегі ең танымал аниматорлардың бірі;

Dalbek – фильмдер, мультфильмдер мен анимацияға арналған шолуларымен танымал қазақстандық блогер.

Comic Con Astana фестивалінің дәстүрлі бөлігі – халықаралық косплей байқауы. Жыл сайын түрлі елдердің үздік қатысушылары бас қосатын байқаудың биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл оны өңірдегі ең ірі косплей турнирлерінің біріне айналдырып отыр.

Өткен жылдары Comic Con Astana Орталық Азиядағы ең ірі заманауи поп-мәдениет фестивалі ретінде танылды. Әр жылдары оның хедлайнерлері қатарында Мадс Миккельсен, Энди Серкис, Пилу Асбек, Скотт Эдкинс, Эсай Моралес, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және Александр Кузнецов болды.

30 июля 2026
Алматыда Вьетнамның Ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығының (VINEN) өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінде Қазақстан мен Вьетнамның Ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығының (VINEN) іскер топтарының өкілдері арасында кездесу өтті. Вьетнам делегациясын «VINEN» вице-төрағасы, Ханой сауда және туризм колледжінің (HCCT) ректоры доктор Чин Тхи Тху Ха бастап келді. Делегация құрамында сондай-ақ HCCT Ғылыми сараптама және сапаны бақылау департаментінің басшысы До Тхи Ким Оань, «Flamingo Travels» компаниясының бас директоры Нгуен Тхи Ван Ан, Ханой телевидениесінің өкілі Чань Тхи Фун Лин және «VINEN» халықаралық байланыстар департаментінің менеджері Лиу Тан Хию болды.

Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының АСЕАН елдеріндегі арнайы өкілі Серік Әміров екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Вьетнам Социалистік Республикасы АСЕАН-ға мүше мемлекеттер арасында жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны бойынша көшбасшы болып отыр. 2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 8,18%-ды құрады. Ел Үкіметі ағымдағы жылы экономикалық өсімді кемінде 10%-ға жеткізуді және осы қарқынды 2030 жылға дейін сақтауды мақсат етіп қойған.

Анықтама үшін: ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сыртқы сауда айналымы шамамен 805,7 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 120,2 млн АҚШ доллары, импорт – 685,5 млн АҚШ доллары.

Вьетнам мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы қолданыстағы еркін сауда туралы келісім сауда кедергілерін азайтуға және логистикалық байланыстарды дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырады. Қазіргі жағдайда Қазақстан бірлескен өндірістерді жолға қою және тауарларды дистрибуциялау үшін Орталық Азия өңіріндегі «B2B Bridge» ретінде орнығуға елеулі әлеуетке ие.

Өз кезегінде, «VINEN» вице-төрағасы доктор Чин Тхи Тху Ха табысты тәжірибе алмасу мен нарықты зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, вьетнамдық тарап үшін Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту, индустриялық аймақтарды, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту хабтарын құру, сондай-ақ экономиканы цифрландыру саласындағы тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Сонымен қатар ол қазақстандық құрылыс компанияларын Вьетнамдағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға шақырды.

«Flamingo Travels» компаниясының бас директоры Нгуен Тхи Ван Ан 2026 жылы Вьетнамның жалпы саны шамамен 25 миллион шетелдік турист қабылдауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық туристік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту аса перспективалы бағыт ретінде қарастырылатынын жеткізді.

HCCT Ғылыми сараптама және сапаны бақылау департаментінің басшысы До Тхи Ким Оань Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерімен дуальды білім беру саласында тығыз ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Кездесу барысында «Almaty Invest» басқарма төрағасының орынбасары Исатай Адресов қонақтарды Алматы қаласының негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, әлеуетті инвестициялық жобаларды ұсынып, Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды. Сонымен қатар, Вьетнамның туристік инфрақұрылымды дамытудағы табысты тәжірибесін ескере отырып, еліміздегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі – «Sun Group» өкілдерінің Алматыға сапарын ұйымдастырып, «оңтүстік астанада» «Ba Na Hills» үлгісіндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін бірлесіп талқылауды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғарыда аталған бағыттар бойынша табысты тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, білім беру, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау салаларында және екі елдің іскер топтары арасында тұрақты B2B іс-шараларын өткізу бағытында одан әрі өзара іс-қимылды және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін пысықтауға келісті. Действующее Соглашение о свободной торговле между Вьетнамом и Евразийским экономическим союзом создает благоприятные условия для снижения торговых барьеров и развития логистических связей. В современных условиях Казахстан располагает значительным потенциалом и возможностью позиционировать себя в качестве «B2B Bridge» в Центрально-Азиатском регионе для налаживания совместных производств и дистрибуции товаров.  

27 июля 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрімен кездесті

2026 жылғы 17 шілде, Шанхай қаласы, ҚХР - Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджамен берік достыққа және өзара құрметке негізделген серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін әлеует мол екенін атап өтті.

Президенттің пікірінше, тауар айналымын арттыратын перспективті бағыттар қатарына ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, туризм, құрылыс, тағам өнеркәсібі, көлік-логистика салалары кіреді.

Атап айтқанда, еліміз бидай, тыңайтқыш және басқа да аграрлық өнімдер тасымалын ұлғайтуға әзір. Бұдан бөлек, БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексіндегі үздік 24 елдің сапына енетін Қазақстан озық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады.

Премьер-министр Хун Манет Камбоджаның Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін растады. Ол екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталып, бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында Президент пен Премьер-министр жаһандық және аймақтық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК қызметіне қолдау көрсеткені үшін Камбоджа тарапына ризашылық білдірді. Сондай-ақ Премьер-министрге Астананың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама көтергенін айтты.

Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан Президентін өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға сапармен келуге шақырды.

 

https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kambodzha-premer-ministrimen-kezdesti-176145 

27 июля 2026
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауы
  1. Байқаудың негізгі мақсаты

 

«Қазақстан – менің көзіммен» – шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған онлайн сурет салу байқауы.

Байқау қатысушылардың Қазақстан туралы көзқарасын, елге деген сүйіспеншілігін, тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге бағытталған.

Байқаудың негізгі мақсаттары:

- шетелдегі этникалық қазақ балалардың Қазақстанмен рухани байланысын нығайту;

- Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу;

- жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- дарынды этникалық қазақ балаларын анықтау және қолдау көрсету;

- балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

          

  1. Байқауға шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балалары қатыса алады (ұлты қызық шетел азаматы екенін растау үшін өз жұмысымен бірге төл құжатының көшірмесін жіберу міндетті);
  2. Байқауға ұсынылатын сурет «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
  3. Қатысушы жұмысын жіберерде міндетті түрде төмендегі ақпараттармен қоса жіберу керек:

- Өзі туралы ақпарат (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын мектебі мен сыныбы, байланыс нөмері);

- Өзін таныстыру, салған суретін түсіндіру мақсатында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазба;

-Суретті өзі салғанын растау үшін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын сурет салу процессінен бейнежазба және байқау тақырыбынан бөлек басқа да бірнеше туындыларын қосып жіберу керек.

  1. Жұмыстар 2026 жыл 28 тамызға дейін oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады;

 

III. Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар

 

  1. Байқауға қағазға салынған суреттердің электрондық нұсқасы қабылданады.
  2. Қатысушылар келесі құралдарды пайдалана алады:

o       қарындаш;

o       түрлі-түсті қарындаш;

o       фломастер;

o       акварель бояулары;

o       гуашь;

o       майлы бояулар;

o       пастель;

o       көмір;

o       маркер;

o       акрил бояулары;

o       гельді қаламдар және басқа да көркем сурет салу құралдары.

  1. Суреттер келесі тақырыптарды қамтуы мүмкін:

o       Қазақстанның табиғаты;

o       тарихи және мәдени ескерткіштер;

o       ұлттық салт-дәстүрлер;

o       қазақ халқының тұрмысы;

o       ұлттық мерекелер;

o       Қазақстанның көрікті жерлері;

o       болашақтағы Қазақстан туралы арман-тілектер.

  1. Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады.
  2. Байқауға тек авторлық жұмыстар қабылданады.
  3. Жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген суреттер қабылданбайды.
  4. Қатысушы байқауға ұсынған жұмысын ұйымдастырушының ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінде және көрмелерде көрсетуге келісім береді.
  5. Жұмыстар JPEG, JPG, PNG немесе PDF форматында қабылданады.

 

 

  1. Бағалау критерийлері

 

  1. Тақырыпқа сәйкестік

Жұмыстың «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбын қаншалықты толық және мазмұнды ашқаны бағаланады.

  1. Шығармашылық көзқарас

Қатысушының идеясының ерекшелігі, қиялы мен шығармашылық шешімдері бағаланады.

  1. Көркемдік шеберлік

Сурет салу техникасы, композициясы, түстер үйлесімі, пропорция және жалпы орындау сапасы бағаланады.

  1. Ұлттық мазмұн

Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты және ұлттық құндылықтарының көркем бейнелену деңгейі ескеріледі.

  1. Эмоционалдық әсер

Жұмыстың көрерменге әсері, автордың сезімі мен ойын жеткізу деңгейі бағаланады.

 

  1. Байқау мерзімі

Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 17 маусымнан бастап

28 тамызға дейін қабылданады.

 

  1. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталады.

Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

I орын – Ноутбук;

II орын – Планшет;

III орын – Смарт сағат.

Ынтыландыру сыйлықтары – «Бестемше» ойыны.

Үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады және онлайн көрмеге ұсынылады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 10 қатысушы қажет болған жағдайда жұмысын өз қаражаты есебінен «Отандастар қоры» КеАҚ-на жіберу қажет

23 июня 2026
Вьетнам Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Нгуен Тхань Леден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен өзара сапарлар кестесіне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Ә.Қуантыров Қазақстанның Вьетнаммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды, ең алдымен БҰҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Кездесу соңында министрдің орынбасары вьетнамдық дипломатқа Қазақстандағы жұмысына табыс пен сәттілік тіледі.

22 июня 2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

❗️Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Вьетнам Социалистік Республикасы шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында «Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін» (Pre-arrival Information – PAI) пилоттық режимде іске қосқанын хабарлайды.

🇻🇳 Вьетнам тарапының мәліметінше, аталған жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алдын ала ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартуға және әуежайлардағы жолаушылар ағынын оңтайландыруға бағытталған.

✈️PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.

➿Бұл ретте, PAI жүйесі Вьетнамға кіру үшін міндетті талап болып табылмайтынын және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналған.

🌐 Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал – prearrival.immigration.gov.vn арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары