
2025 ж. 3 наурызда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның Дипломатиялық академиясына барып, Академия Президентінің міндетін атқарушысы Доктор Нгуен Хунг Сонмен кездесті.
Кездесу барысында екі тарап 2025 ж. мамырда Вьетнам Коммунистік Партиясының Бас Хатшысы То Лам мырзаның Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Вьетнам Дипломатиялық академиясы арасындағы Өзара Түсіністік туралы меморандумға қол қою сияқты бірнеше өзекті мәселелерді талқыланды. Сондай-ақ, Елші Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) туралы кейбір мәліметтермен бөлісті.
Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.