Қазақстан мен Камбоджа екіжақты консультациялар туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Камбоджа екіжақты консультациялар туралы меморандумға қол қойды

2025 жылғы 21 ақпанда Елші Қанат Тумыш Камбоджа Корольдігінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Мемлекеттік хатшысы (Министрдің бірінші орынбасарының деңгейі) Еат Софеа ханыммен кездесті.  

Жүздесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың және Қазақстан үшін критикалық маңызы бар көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесудің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Камбоджа Корольдігінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасындағы екіжақты консультациялар жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.