
2025 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Үкіметтік инспекциясы Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Нгуен Мань Хунгпен кездесу өткізді.
Жүздесу барысында, көпжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ВКП Бас Хатшысы То Лам мырзаның биылға жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапары алдында, екіжақты байланыстарды тереңдету үшін делегациялармен алмасу мәселелері талқыланды.