Қазақстан Елшісі Еуропа департаментінің Бас директоры Буй Ха Нам мырзамен кездесті

Қазақстан Елшісі Еуропа департаментінің Бас директоры Буй Ха Нам мырзамен кездесті

2025 ж. 6 қаңтарда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің Бас директоры Буй Ха Нам мырзамен кездесті.

Жүздесу барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері талқыланды, әсіресе екі ел басшылығының қатысуымен халықаралық іс-шаралар кестесі, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, консулдық-құқықтық, логистикалық және туристік.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың басында «Ana tili» газетіне берген сұхбатының негізгі аспектілері туралы хабардар етті.

Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.