
2024 ж.19 желтоқсанда Елші Қанат Тумыш Вьетнам Ұлттық қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «Vietnam Defense Expo 2024» (VDE-2024) іс-шарасына қатысты.
VDE-2024 барысында Елші Вьетнам Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Ву Хай Сан, Тайланд Қорғаныс министрі Пумтам Вечаячай, Түркия Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Муса Хейбетпен, сондай-ақ «TH Investment Commerce Joint Stock Company» және «HITACO» вьетнамдық қорғаныс өнеркәсібі компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді, онда қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жұмыстары талқыланды.