
ҚР Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрі До Дык Зюй мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері және оның кеңеюі мен даму перспективалары қаралды. Атап айтқанда, екі елдің экология, қоршаған ортаны қорғау, минералдық және табиғи ресурстардың өзге де түрлері, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы 11-22 қарашада Баку қаласында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференциясы (сондай-ақ БҰҰ-ның климаттық саммиті, COP-29) шеңберіндегі ынтымақтастық тақырыбы қозғалды. Министр осы қарашада Әзірбайжан астанасына Вьетнам делегациясының басшысы ретінде баруды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Сонымен қатар, тараптар 2004 жылдың көктемінде Қазақстандағы ірі су тасқыны мен қыркүйектегі «Яги» тайфуны – Оңтүстік-Шығыс Азияға соққан соңғы жылдардағы ең күшті дауыл, сондай-ақ осындай табиғи апаттар жағдайында жедел өзара іс-қимыл мен өзара көмек көрсетудің ықтимал нұсқаларын талқылады.
Қ.Тумыш До Дык Зюйге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ ағымдағы жылдың 6 қазанына Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жоспарланған жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті.
Министр Зюи: "Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың ауқымдылығына, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде экологиялық электр станциясын салумен мультипликативтік әсер алатын атомды бейбіт мақсатта пайдалануды кеңейтуден күтілетін үлкен оң практикалық қайтарымға таң қалды", - деп атап өтті. Ол сондай-ақ: "Биылғы жыл 1959 жылы Вьетнамның Тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің Қазақстанға сапарының 65 жылдық мерейтойымен атап өтілді. Осы тұрғыда тарихи достық пен кооперацияны ескере отырып, ВСР Қазақстанның бастамаларын қолдайды, тәжірибе алмасуды, ынтымақтастық пен өзара көмекті жүзеге асыруды ынталандырады, сондай-ақ екі бауырлас мемлекеттер мен халықтар арасындағы екіжақты Қазақстан-Вьетнам қатынастарын тереңдетуге ұмтылуды жалғастырады", - деп қосты.
Кездесу достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті және өзара кооперацияны сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.