Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі туралы әңгімеленді

Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі туралы әңгімеленді

2020 жылғы 3 шілдеде Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің ғимаратында Елші Ерлан Байжанов Вьетнамның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен кездесті. Кездесу Қазақстанның елорда күніне және Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығына арналды.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі журналистерге еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктері, аты Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуымен тығыз байланысты Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары, реформалары мен бастамалары туралы әңгімеледі.

Вьетнамдық журналистерге Нұрсұлтан Назарбаев туралы - Тұңғыш Президенттің тарихи жолын көрсететін «Тәуелсіздік дәуірінің көшбасшысы» деректі фильмі көрсетілді.

Кездесу барысында Ерлан Байжанов тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдеріне, сондай-ақ Қазақстан-Вьетнам қатынастарының қазіргі дамуының өзекті мәселелеріне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

БАҚ өкілдері сондай-ақ Ханойдағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында ұйымдастырылған фотокөрмені тамашалады. Фотосуреттерде
Нұр-Сұлтанның ең танымал сәулет құрылымдарының бейнелері көрініс тапты. Суреттердің жеке топтамасы қатысушыларды Қазақстан табиғатының алуан түрлілігін көрсететін ерекше көркем пейзаждармен таныстырды.

Елорда күні мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мерейтойына орай, Елшілік вьетнамдық БАҚ өкілдеріне дипломатиялық фуршет ұйымдастырды, оған бірқатар достас елдердің елшілері де қатысты.