Қазақ Елшісі Солтүстік және Орталық Вьетнамда сапармен болды

Қазақ Елшісі Солтүстік және Орталық Вьетнамда сапармен болды

Ханой, 2024 ж. 21 мамыр – Елші Қанат Тумыш, үстіміздегі жылғы 7-8 мамыр аралығында Дин Биен провинциясында (Солтүстік Вьетнам), ал одан кейін 14-17 мамырда Куаң Нам провинциясында (Орталық Вьетнам) сапармен болды.

  1. Диен Биен жерінде ол Вьетнам халқының француз отаршылдық әскерлеріне қарсы табысты соғысып, 1959 жылғы Ұлы Жеңістің 70-ші жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Ең алдымен Елші, вьетнамдық батыр әскерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету үшін жергілікті ескерткіш пен ғибадатханаларды аралап, гүлшоқтарын қойып, тағзым етті.

Осыдан кейін ол, Диен Биен провинциясының Партия комитеті хатшысының (провинция басшвысының) орынбасары Ма А Сон мырзамен кездесу өткізді.

Ол, сондай-ақ, Вьетнамның Дин Биен провинциясымен көршілес Симао ауданы (ҚХР) және Пхонгсали провинциясының (Лаос ХДР) басшыларымен де кездесті.

Тараптар сауда, экономика, қаржы, инвестиция, туризм, көлік, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, мәдениет, білім, ғылым және т.б. тақырыптарды талқылады. Айта кетер жайт, олар келіссөз барысында АСЕАН – Лаос – Вьетнам – Қытай – Қазақстан – Азербайжан – Түркия – Еуропа бағыты бойынша халықаралық «Орта көлік дәлізіне» ерекше мән берді.

  1. Куаң Нам аймағында Елші Вьетнам Ұлттық кәсіпкерлік қауымдастығы (VINEN) және Куаң Нам провинциясының әкімшілігі ұйымдастырған екі халықаралық іс-шараға қатысты:

а) «Кәсіпкерлік идеяларды дамыту» халықаралық конференциясына;

б) QUANG NAM 2024 халықаралық бизнес-форумына.

Қазақстан Елшісі, сондай-ақ, провинциялық Халық комитеті төрағасының (Әкім) орынбасары Хо Куаң Бу мырзамен кездесу өткізді. Дин Биендегідей, қазақстандық жоғары лауазымды дипломат вьетнамдық әріптесімен бірқатар тақырыптарды, атап айтқанда, сауда, экономика, іскерлер арасындағы байланыстарды, инвестиция, туризм, көлік, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, мәдениет, білім, ғылым және т.б. салаларын талқылады. Тараптар, Қазақстан мен Дананг Халықаралық әуежайы арасында келешекте ашылар деп күтілетін тікелей рейстер, екіжақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтады деп ортақ пікірге келді.