Қазақстан Елшісі Вьетнам Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Вьетнам Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

ҚР Елшісі Қанат Тумыш ай күнтізбесі бойынша Вьетнамның жаңа жылын мерекелеу іс-шарасы аясында (Тет мерекесі) ТМД елдерімен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ле Тхи Тху Ханг ханыммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері және өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды.

Атап айтқанда, 2024 жылғы маусымда Вьетнам Президенті Ван Тхыонгтың Қазақстанға мемлекеттік сапары, осы жылы жоспарланған Ханойда сімаралық саяси консультациялар және Астанада үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу.

Ле Тхи Тху Ханг ханым Вьетнам Қазақстанның екіжақты Қазақстан-Вьетнам қатынастарын одан әрі тереңдету тәсілдерін қолдайтынын атап өтті.

Кездесу достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті және өзара кооперацияны сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.