Қазақстан жетекші вьетнамдық электр компаниясының инвестициясын тартуда

Қазақстан жетекші вьетнамдық электр компаниясының инвестициясын тартуда

2024 жылғы 16 қаңтарда Елші Қанат Тумыш, Қазақстан Республикасы Елшілігінің инвестицияларды тарту жұмысының аясында, электр және электроника саласындағы жетекеші вьетнамдық «LiOA» компаниясының Бакнинь провинциясындағы зауыттарына барып, оның басшылығымен келіссөз жүргізді. 

LiOA – бұл вьетнамдық тұтынушылар үшін электротехника, электроника және тұрмыстық техникаларын өндіретін Вьетнамның ең танымал брендтердің бірі. LiOA-ның түпкілікті өнімі қайта өңдеген табиғи ресурстар есебінен өндіріледі. 2023 жылы осы компанияның жалпы айналымы 300 миллион АҚШ долларын құрады. 

Кездесу барысында LiOA төрағасы Нгуен Чи Линь мырза Елшіге компанияның өндірістік үрдістерін, стратегиясын, іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен ағымдағы қызметі бойынша брифинг және таныстырылым жасады. Оның айтуынша, компания жақын арада қазақстандық нарыққа шығу переспективаларын зерттеуді тәмамдап, Ұлы Дада Еліне өзінің жоғары лауазымды тұлғалардан тұратын делегациясын іссапарға жібереді.

Айта кетер жайт, LiOA-мен кеңессөздердің нәтижесінде, осы компания Қазақстандағы тиісті жергілікті билік органдары, салалық министрліктері, электр және тау-кен компанияларымен ынтымақтасу арқылы, өрескел мысты қамтитын электр жабдықтарын шығару үшін Қазақстанда зауыт салуға немесе қолданыстағы зауыттарды жаңғыртуға ұлттық экономикамызға инвестицияларды салады деген алдын-алғы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Елші Қ.Тумыш, LiOA-мен бірлескен бастамаларды іске асыруға жан-жақты көмек көрсететініне сендірді.