Президент Қ.К. Тоқаевтың сұхбаты вьетнамдық БАҚ үшін жарияланды

Президент Қ.К. Тоқаевтың сұхбаты вьетнамдық  БАҚ үшін жарияланды

Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне жақында берген сұхбатына арналған Вьетнамның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері үшін брифинг өтті, онда ол 2023 жылды қорытындылады.  

Брифинг барысында Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Мемлекет басшысы сұхбатының негізгі ережелерімен үндесіп, ҚР Президентінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атап өтті, сондай-ақ Вьетнам жұртшылығын Жаңа Қазақстанның экономикалық бағыты аясындағы жетістіктері туралы хабардар етті. Бұл ретте соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан инновациялық өзгерістерге, 2022 жылғы конституциялық реформаны іс жүзінде іске асыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын имплементациялауға, сондай-ақ елдің одан әрі даму перспективаларына баса назар аударылды.

Брифингтің жеке элементі 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіру, болған оқиғаның шынайы бейнесін көпшілікке жеткізу болды. Брифинг қорытындысы бойынша «Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті» деректі фильмі көрсетілді.  

Вьетнамдық бұқаралық ақпарат құралдары мен академия өкілдері Президент Қ.К. Тоқаевтың жаңа бағыты аясындағы ауқымды саяси және экономикалық жаңалықтарға тәнті болды. Брифинг барысында еліміздің заманауи сыртқы саясатының, сондай-ақ Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты ынтымақтастығын дамытудың басымдықтары ерекше қызығушылық тудырды. Атап айтқанда, Алматы облысында АЭС салу және 2024 жылы ҚР-дың бірден бірнеше беделді халықаралық ұйымдарда төрағалығы: Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Аралды құтқарудың халықаралық қоры, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы.

Вьетнамдық тарап АСЕАН мен ТМҰ арасындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше қызығушылық танытты. Елші Қанат Тумыш Куньмин (Қытай) – Лаокай – Ханой – Хайфон теміржол желісін жаңғырту Вьетнам-Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Түркия көлік дәлізін дамытудың маңызды алғышарты болып табылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Лаокай-Куньмин-Үрімші-Алматы-Ақтау-Баку-Ыстамбұл теміржол дәлізі арқылы Вьетнамнан тауарлар Еуропаға екі аптаның ішінде жеткізілуі мүмкін. «Транскаспий халықаралық көлік бағытын оның бойында орналасқан елдер мақұлдады. Куньмин (ҚХР)-Лаокай-Ханой-Хайфон теміржолы жаңартылғаннан кейін Вьетнам Еуропаға көлік дәлізіне қосыла алады», - деді Елші.

Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және одан әрі Қара теңіз арқылы Еуропаға өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты Батыс Қытай мен Еуропалық Одақ арасындағы ең қысқа теміржол бағыты болып табылады..