
2023 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Дананг қаласына жұмыс сапарымен барып, оның басшысы, осы қаланың Халық комитетінің Төрағасы (Әкімі) Ле Чунг Чинь мырзамен кездесу өткізді.
Жан-жақты диалог пен пікір алмасу барысында тараптар екіжақты қатынастардағы ұлғая түскен өзара ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда:
1) Ақтау және Дананг порт-қалалары арасындағы бауырластық байланыстар туралы келісімге қол қою;
2) Қазақстаннан Вьетнамға қазақстандық туристік ағынның өсуін ескере отырып, Қазақстаннан Дананг қаласына тікелей әуе рейсін ашу, бұл ұсыныс визасыз режим 2024 жылы күшіне енгеннен кейін аса орынды болмақ;
3) ҚР-дың Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) Төрағалығы аясында, ТМҰ елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастығын жандандыру. Тараптар, осы мақсатта әрі АСЕАН-ға, әрі ТМҰ-ға Вьетнам-ҚХР-Қазақстан-Әзербайжан-Түркия-Еуропа бағыты бойыша транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетін барынша дамыту және арттыру үшін «Орта дәлізді» пайдалану өте маңызды болар еді деген ортақ ойға келді;
4) ғылыми-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесін талқылап, екі елдің жоғары оқу орнылары арасында студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам алмасу бойынша жұмысты күшейту.
Өз кезегінде, Ле Чунг Чинь екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін ескере отырып, Дананг мен Алматы қалалары арасында бауырлас қала қатынастарын орнату туралы меморандумға тез арада қол қою қажеттігін атап өтті.