
2023 жылғы 14 желтоқсанда Елшілік Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына (ОТҰ) төрағалығы аясында Вьетнам елордасының Үлкен концерт залында (Grand Concert Hall) еліміздің Мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Әзірбайжан, Қазақстан мен Вьетнам халықтарының достығына арналған бірлескен концерт өткізді.
Айта кетер жайт, бұл жолы Әзірбайжанның танымал композиторы, әйгілі сазгер Қара Қараевтың «Вьетнам» сюитасы әлемге таныстырылып, алғаш рет орындалды. Осы концерттің бас скрипкасы ретінде елімізден Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері А.Мұсаходжаева шақырылып, қызықты композицияларып орындап, өзінің аса шеберлігімен вьетнамдық жұртшылықты таңқалдырды.
Іс-шараға мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Вьетнамда тұратын Қазақстан азаматтары қатысты.