Қазақстан Елшісі Ханьхоаоа провинциясына барды

Қазақстан Елшісі Ханьхоаоа провинциясына барды

Қазақстан Республикасының елшісі Қанат Тұмыш 2023 жылғы 28-29 қарашада Ханьхоа провинциясына жұмыс сапарымен барып, оның басшысы, осы әкімшілік-аумақтық бірлік партия комитетінің хатшысы Нгуен Хай Нинь (Nguyễn Hải Ninh) мырзамен кездесу өткізді

Өткізілген жан-жақты диалог пен пікір алмасу барысында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру жолдарын талқылады.

Тараптар Қазақстан Президентінің 2023 жылғы тамыздағы Вьетнамға ресми сапары барысында қол қойылған "ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы" Келісімнің маңыздылығын ескере отырып, оның Нячанг қаласындағы қазақстандық туристер санының артуына серпін беретінің атап өтті. Елші қазақстандық тарап аталған құжаттың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағанын, сондай-ақ оның шамамен 2024 жылдың ақпан айында іске қосылуын күтілуде екенін хабарлады.

Анықтама: 2023 жылдың 5 айында Вьетнамға келген Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 26 700 адамды құрады.

Қазақ дипломаты провинция парткомының хатшысын екіжақты қатынастардың, өзара сауданың, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ басқа да мәселелер туралы хабардар етті:

  • Ханьхоа провинциясының Алматы қаласы және Алматы облысымен байланыстар орнату туралы Меморандумға қол қою;
  • Алматы және Астана қалаларынан Нячанг қаласына тұрақты түрде жолаушылар және жүк авиарейстерін ұлғайту;
  • Туристік ынтымақтастықты ілгерілету, Ханьхоа провинциясының аумағында жүрген қазақстандық туристерге көмек көрсету;
  • Инвестициялық және көліктік ынтымақтастықты ілгерілету, оның ішінде Нячанг-Хошимин бағыты бойынша жүрдек пойызды іске қосуға бағытталған жобаны пысықтау, сондай-ақ қазақстандық туристер ағынының бір бөлігін Нячангтан Хошиминге авиакөлікпен қайта бағдарлау;
  • Өзара сауданы ынталандыру, соның ішінде Қазақстаннан бидай, мұнай өнімдері, металлургия өнімдері, рельстер және басқа да тауарлар мен қызмет түрлерінің импортының орнына Вьетнамнан теңіз өнімдерін, кофені, күрішті және басқа да өнімдерді экспорттау;
  • 2024 жылға жоспарланған Қазақстандағы Вьетнам мәдени күніне Ханьхоа провинциясының өнер шеберлерінің қатысуы;
  • Ханьхоа провинциясында Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының біріне ескерткіш орнату немесе Алматы/Қазақстан көшесінің ашылуы;
  • Ханьхоа провинциясы мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында студенттер мен профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу.

Сонымен қатар, Елші Қ.Тумыш 2024 жылы Қазақстан Республикасының Нячанг қаласындағы Құрметті консулын тағайындау және 2025 жылдан кейінгі кезеңде ҚР Бас консулдығын ашу туралы мәселені кейіннен қарау жөніндегі белсенді жұмысы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Нгуен Хай Нин мырза Құрметті консулдық пен Бас консулдықтың ашылуына қатысты ақпаратты жылы қабылдады, сондай-ақ қазақстандық туристерге қатысты мәселелерге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді. Бұдан басқа ол Ханьхоа провинциясы мен Алматы, сондай-ақ Алматы облысы арасында бауырлас қала қатынастарын орнату туралы меморандумдарға тез арада қол қою қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Партия комитетінің хатшысы 2023 жылғы 24-28 қыркүйек аралығында Астана және Алматы қалаларына сапармен барған СРВ Ұлттық Ассамблеясы төрағасының орынбасары Нгуен Хак Диньем мырза (Ханьхоа провинциясы парткомының бұрынғы хатшысы) бастаған вьетнамдық делегацияны жылы қабылдағаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.