Қазақстан Елшісі Хошимин қаласына барды

Қазақстан Елшісі Хошимин қаласына барды

Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш 2023 жылғы 20-21 қарашада Хошимин қаласына жұмыс сапарымен барып, осы қаланың Халық комитеті төрағасының (әкімі)  орынбасары Во Ван Хоан мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Басшысының жақында Вьетнамға ресми сапарын атап өтіп, өзара ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелеріне тоқталып, бірқатар мәселелерді практикалық пысықтау бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда,:

1) Алматы қаласы көшелерінің біріне көрнекті вьетнамдық саяси қайраткердің, Ұлттық Көшбасшы Хо Ши Миннің есімін беру;

2) 2024 жылдың жазында Вьетнам Президентінің Қазақстанға ресми сапары барысында Қазақстанда Вьетнам Мәдениетінің күндерін өткізу;

3) 2024 жылы Алматы және Хошимин қалалары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның өзгертілген нұсқасына қол қою;

4) ғылыми-гуманитарлық байланыстарды нығайту және екі елдің ірі қалаларының жоғары оқу орындары арасында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен алмасу жөніндегі жұмысты күшейту;

5) соңғы жылдары ұлғаю үрдісі бар өзара туризмнің одан әрі өсуіне жәрдемдесу. Тараптар осы мақсатта Алматы мен Хошимин арасындағы тікелей рейстерді қалпына келтіру қажет деген ортақ пікірге келді (қазақстандық «Эйр Астана» авиакомпаниясы осы бағытта COVID пандемиясына дейін жұмыс істеді; вьетнамдық «VietJetAir» авиакомпаниясы да 2024 жылы осы бағытта рейстерді жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын). Сонымен қатар, бұл ұсыныс Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим күшіне енгеннен кейін ерекше орынды болады. Ол 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Елші Қ.Тумыш сұхбаттасушыны ҚР-ның Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) төрағалық етуі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ТМҰ елдерінің ынтымақтастығын жандандыру мәселелерін талқылады. Тараптар осы мақсатта АСЕАН үшін де, ТМҰ үшін де Вьетнам-ҚХР-Қазақстан-Әзірбайжан-Түркия-Еуропа бағыты бойынша транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетті барынша дамыту және ұлғайту үшін «орта дәлізді» пайдалану өте маңызды болады деген ортақ пікірге келді.

Өз кезегінде Во Ван Хоан мырза екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның бастамаларына жалпы қолдау көрсететінін атап өтті.

Елші Қ.Тумыш сапар барысында көрме алаңында ұйымдастырылған «Максимус» ЖШС (Ақтөбе қаласында орналасқан, жоғары сапалы қазақстандық шарап-арақ өнімін экспортқа шығаратын компания) стендімен танысып, халықаралық мәртебеге ие «Food Expo Vietnam» ірі вьетнамдық азық-түлік көрмесіне қатысты. Максимус компаниясы вьетнамдық тұтынушылар оның өнімдеріне қызығушылық танытып отырғанын және ол 2024 жылы жергілікті нарыққа шығуды жоспарлап, экспорттық келісімшарттар жасай бастағанын хабарлады.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы Вьетнам нарығының белгілі және ірі шетелдік инвесторы «Kusto Home» бас директоры М.Өтемісовпен кездесу өткізіп, осы компанияның қолданыстағы және жоспарлы жобаларымен танысты.