
Қазақстан Елшілігі жас ұрпақты көтермелеуге бағытталған Йен Бай провинциясындағы маңызды миссияға қатысты. Вьетнамның сыртқы саяси ведомствосының делдалдығымен ұйымдастырылған іс-шара Сон Тхинь қаласының маңындағы Суой Зянг ауылында өтті.
Іс-шара аясында Елшілік осы әкімшілік-аумақтық бірлікке оқу керек-жарақтарын, кітаптар, ыдыс-аяқ жиынтықтары, жылы көрпелер мен жастықтард, балаларға арналған ойыншықтар және т.б. жіберді.
Бұл асыл акцияға Вьетнамда аккредиттелген бірқатар дипломатиялық өкілдіктер, Йен Бай провинциясының халық комитеті, аудандық партия комитетінің бөлімдері, сондай-ақ Вьетнам Отан майданы комитеті қатысты.
Қазақстан Елшілігі екі бауырлас және достас мемлекеттер мен халықтар арасындағы "алтын көпір" ретінде өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған күш-жігерді жалғастыруға ниетті.