Қазақстан Елшісі Куанг Нгай провинциясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі Куанг Нгай провинциясының басшылығымен кездесті

Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш Орталық Вьетнамда орналасқан Куанг Нгай провинциясының басшылығымен кездесу өткізді. Атап айтқанда, оның бірінші тұлғасымен – провинциялық партия комитетінің хатшысы Буй Тхи Куинь Ван ханыммен ынтымақтастықтың әлеуетті салалары талқыланып, өзара туризм мен инвестициялардың перспективалары зерттелді.

Вьетнам Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған Куанг Нгай провинциясының көрмесінде жан-жақты диалог өтті. Осы іс-шара барысында Елші провинцияның әрі қарай ынтымақтастық үшін әлеуеті мен мүмкіндіктерімен (атап айтқанда, осы әкімшілік-аумақтық бірлікте өндірілетін бірқатар негізгі тауарлармен) танысты. Оның ішінде сауда, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, инвестициялар, туризм, көлік, білім беру және өзге де салаларда, сондай-ақ жетекші бизнес-әріптестермен практикалық ынтымақтастықты нығайту.