Коронавируспен күрес үшін Вьетнам Парламенті Қазақстанға медициналық маскалар табыс етті

Коронавируспен күрес үшін Вьетнам Парламенті Қазақстанға медициналық маскалар табыс етті

Вьетнам Ұлттық Жиналысы достас елдерге, Қазақстанды қоса алғанда, символикалық көмек көрсету ишаратын білдіре отырып, олардың парламенттеріне сый ретінде медициналық маскалардың топтамасын табыс етті.
Ү.ж. 11 мамырда вьетнамдық парламентте өткен тиісті рәсімде Ұлттық Жиналыстың Бас хатшысы, кеңсе басшысы Нгуен Хань Фук Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжановқа 20 мың қорғаныш маскалар табыс етті.
Медициналық маскалар сондай-ақ Ресей, Әзербайжан және Беларустің Елшілеріне табыс етілді.
Коронавирус пандемиясымен байланысты күрделі жағдайда вьетнамдық тараптың бұл қадамы осы елдер мен Вьетнам арасындағы көпжылдық достық дәстүрлеріне және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың жоғарғы деңгейін баса айтатынын атап өтті дипкорпус өкілдері.