
Қазақстан Елшісі Қанат Тұмыш «SOVICO Group» компаниясының Басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті.
Сындарлы әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелерді, оның ішінде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 20-22 тамыздағы Вьетнамға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды талқылады.
Сонымен қатар, вьетнамдық компаниясының басшылығы өкілдерінің 2023 жылғы 7-10 қыркүйекте Қазақстанға сапары талқыланды.
Өз кезегінде Елші Қазақстан Үкіметі вьетнамдық инвесторларға бірлескен бастамаларды іске асыруда жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Атап айтқанда, әуе және теміржол көлігі, логистика, туризм, сауда, қаржы және мұнай-газ саласы саласында.