Ханойда Ұлы Отан соғысына қатысқан аға буынды еске алды

Ханойда Ұлы Отан соғысына қатысқан аға буынды еске алды

Жеңістің 75 жылдығына орай Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжанов, дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері Ұлы Отан соғысына қатысқан аға буынды еске алды.

Естелік суреттер үшін дипломаттар бүгінгі ұрпақтың бейбіт болашағы үшін фашизмге қарсы жанкештілікпен шайқасып Жеңіске жеткен аталары бейнеленген фотосуреттерді шығарып алып, балаларымен бірге суретке түсті. 

Бәрі де мәңгілік есте! Ешкім де ұмытылмайды!