Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Ханой, 2023 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры – Вьетнам Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы Нгуен Вьет Зунгқа сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Әңгімелесу барысында Елші Вьетнам тарапына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың а.ж. 20-22 тамызында Вьетнамға өте сәтті ресми сапарын ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, 2024 жылғы маусымға жоспарланған Вьетнам Президенті Ван Тхыонгтың Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындық барысы және келесі жылы Қазақстанда Вьетнамның мәдениет күндерін өткізу туралы хабарлады, олар туралы келісімге бұрын қол жеткізілген болатын.

Бұдан басқа, Қ.Тумыш сұхбаттасушыны еліміздің жан-жақты дамуына және Әділ Қазақстанның құрылысына бағытталған Мемлекет басшысының ауқымды реформаларының негізгі элементтері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында белгілеген негізгі міндеттер туралы.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.