Вьетнам Президенті Қазақстан көшбасшысының ресми сапарының маңыздылығы мен нәтижелерін жоғары бағалады

Вьетнам Президенті Қазақстан көшбасшысының ресми сапарының маңыздылығы мен нәтижелерін жоғары бағалады

Вьетнамдағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонг Қазақстанның Елшісі Ерлан Байжановты қабылдады.

Вьетнам басшысы екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын, сондай-ақ өткен аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сәтті және нәтижелі сапарымен аяқталған Қазақстан Елшілігінің соңғы төрт жылдағы жұмысының нәтижелі сипатын атап өтті. Во Ван Тхыонгтың пікірінше, сапар алдағы жылдары қазақстандық ынтымақтастықтың жарқын перспективаларын ашады. Ол келер жылдың маусым айында Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға сапармен баруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Вьетнам Президенті қазақстандық-вьетнамдық әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін қазақстандық дипломатқа алғысын білдірді.

Сол күні Еран Байжанов Вьетнамның Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен кездесті. Кездесу барысында дипломаттар қазақстандық көшбасшының Вьетнамға жасаған сапарының қорытындыларын талқылады, саяси диалог, экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл саласында қол жеткізілген елеулі прогресті атап өтті. Вьетнам дипломатиясының басшысы екі мемлекеттің көпжоспарлы ынтымақтастығындағы жаңа кезеңге негіз болатын жоғары деңгейдегі сапардың мазмұнын атап өтті.