Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі «Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық үшін» медалімен марапатталды

Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі «Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық үшін» медалімен марапатталды

 

Дипломатиялық миссияның аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшісі Ерлан Байжанов Вьетнамның Шет елдермен достық қоғамдарының одағына шақырылды.

Кездесу барысында Одақ төрағасы Нгуен Фыонг Нга ханым қазақстандық дипломаттың екі елдің саяси және экономикалық ынтымақтастығын дамытуға, мәдени және гуманитарлық байланыстарын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол Вьетнамда болған төрт жыл ішінде Е.Байжанов жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды сәтті ұйымдастырғанын, маңызды саяси консультациялар мен экономикалық миссиялар өткізгенін, елдер арасында тікелей әуе қатынасын қалпына келтіруге жәрдемдескенін атап өтті.

Елшіліктің халықтық дипломатияны дамыту жөніндегі жұмысы ерекше атап өтілді, ол қазақ кітаптары мен көркем фильмдерінің вьетнамдық тілге аудармаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Дананг қаласында қазақстандық кино күндерін, Ханойда музыкалық концерт өткізу арқылы Вьетнам халқының Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетімен танысуына ықпал етті.

Фыонг Нга Е.Байжанов Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы достықты нығайтуға жәрдемдесуді жалғастыратынына үміт білдіріп, қазақстандық дипломатқа Достық қоғамдары Одағының ең жоғары наградасы – «Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық үшін» медалін табыс етті.