
2020 жылғы 21 қаңтарда “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театрында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, һакім Абайдың 175-жылдық мерейтойының ресми ашылу рәсімі өтті. Салтанатты кешке ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Биыл Абайдың мерейтойына арналған 300-ден астам іс-шара жоспарланып отыр. Германиядан, Түркиядан, Моңғолиядан, Қытайдан, Америкадан және Канададан, Татарстан мен Әзербайжан сынды өзге де мемлекеттерден Абайдың шығармашылығы мен өмір жолын зерттеп жүрген зиялылар қатысады деп күтілуде. Әлемнің көптеген қалаларында ескерткіштері орнатылады.