Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ханойда өткен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысында мәлімдеді.
Өзара сауданы арттыру мақсатында Қазақстан Вьетнам нарығына $530,8 млн. сомасына түрлі салалардың 90-ға жуық өңделген тауарларын жеткізуге дайын, деп хабарлады ол.
Қайрат Төребаев пен Вьетнам Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Данг Хоанг Анның төрағалығымен өткен Үкіметаралық комиссия екі елдің түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын растады.
Қазақстан Елшісі Е.Байжанов осы отырыс ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылға жоспарланған Вьетнамға ресми сапарын дайындау жөніндегі маңызды іс-шара болып табылатынын атап өтті. Қазақстан-Вьетнам әріптестігін жаңа деңгейге шығару мақсатында Е.Байжанов бірлескен инвестициялық қор, экспорттық-импорттық банк, сауда үйі сияқты өзара іс-қимылдың жаңа институционалдық нысандарын енгізуді ұсынды. «Үкімет деңгейінде осындай саналы күш - жігерсіз экономикалық ынтымақтастықты дамыту бұрынғы деңгейде қалады, өздігінен дамиды», - деп атап өтті Елші.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің қатысушылары бола отырып, Қазақстан мен Вьетнам тауарлардың экспорты мен импортын кеңейту, екі елдің іскер топтары үшін преференциялар беру, инвестицияларды қолдау, бірлескен өндірістер құру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастырады деп келісті.
Комиссия екіжақты сауданың өсуін қанағаттанушылықпен атап өтті (Вьетнам статистикасының деректері бойынша ол 2021 жылы $615,5 млн.), екі мемлекеттің азаматтары үшін визалық талаптарды өзара жою туралы уағдаластықтарға қол жеткізу. Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру қажеттілігі атап өтілді.
Комиссия KazakhExport пен QazTrade-нің Вьетнамның Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы саудаға жәрдемдесу жөніндегі агенттікпен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға, ветеринария саласындағы, ұлттық стандарттарды тарату, ауыстыру және қабылдау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімдерге, Қазақстанның ұлттық аграрлық университеті мен Вьетнамның Ауыл шаруашылығы академиясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды пысықтауды ұсынды.
Пандемиядан кейінгі кезеңде әріптестікті қалпына келтіру мақсатында тараптар бірінші отырысы келесі жылдың басында өткізілетін Ауыл шаруашылығы жөніндегі кіші комитетті құру жөніндегі жұмысты қайта жаңғыртатын болады.
Комиссия сондай-ақ, Астана мен Ханой қалалары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға, Алматы мен Хошимин қалалары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді қалпына келтіруге қолдау білдірді.