Қазақстан Елшісінің Вьетнамның Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Вьетнамның Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуі туралы
Ү.ж. 9 шілдеде Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжанов Вьетнам Сыртқы істер министрінің орынбасары То Ань Зунгмен кездесті.
Кездесу барысында қазақстан-вьетнам қатынастарының ағымдағы күн тәртібі және олардың даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мұқият пікір алмасулар болды.
Қазақстан Елшісі Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте (АӨСШК) төрағалығының басымдықтары және оның осы конференция шеңберіндегі жаңа бастамалары туралы хабардар етті, сондай-ақ ағымдағы жылдың Нұр-Сұлтан қаласында қазан айына өтетін АӨСШК мүше елдердің сыртқы істер ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысу үшін Вьетнамның Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шон мырзаға шақыруды жеткізді.
Өз кезегінде То Ан Зунг АӨСШК қызметін жоғары бағалап, Қазақстанның осы форумның қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөлін атап өтті.
Қазақстандық дипломат әңгімелесушіні Қазақстанда болып жатқан процестер, оның ішінде саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформалар туралы да хабардар етті. Тараптар COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайды тұрақтандыру бойынша екі ел басшылығының қабылдаған шаралары туралы пікір алмасты.
Тараптар дәстүрлі достық атмосферада өткен әңгіме нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың барлық мәселелері бойынша тұрақты байланыста болуға қол жеткізді.