Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының шетелде қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру

Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен көрсетіледі.

Қиын жағдай Қағидаларға сәйкес мынадай жағдайлардың салдарынан туындаған жағдайларды қамтиды:

  • форс-мажорлық ахуалдар (табиғи апаттар, әскери қимылдар, шетелде төтенше жағдайдың енгізілуі);
  • Қазақстан Республикасы азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
  • Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы іс-әрекеттер;
  • Қазақстан Республикасы азаматының шетелде қайтыс болуы (Қағидаларда көзделген шектеулерді ескере отырып).
  • Қазақстан Республикасы азаматының, оның туысының немесе заңды өкілінің қиын жағдайға тап болу мән-жайларын және қаржылай көмек көрсету қажеттілігін негіздей отырып берген өтініші;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Өтініште көрсетілген мән-жайларды растайтын, шетел мемлекетінің уәкілетті органдары берген құжаттар;
  • Қағидаларда көзделген жағдайларда және көлемде ұсынылатын өзге де құжаттар.
  • Өтінішті қарау және қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдау Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тарапынан кезең-кезеңімен Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
  • Қазақстан Республикасы азаматының шетел мемлекетінен Қазақстан Республикасына қайтуына байланысты көлік шығыстарын төлеу (эконом-класс әуе билеті құнынан аспайтын мөлшерде);
  • Қағидаларда белгіленген нормативтер шегінде тамақтануға, тұруға және алғашқы қажетті заттарды сатып алуға біржолғы материалдық көмек көрсету;
  • Қағидаларда көзделген жағдайларда жүктi жөнелтуге, Қазақстан Республикасы азаматының мәйітін тасымалдауға, сондай-ақ шетел мемлекетінде жерлеуге немесе кремациялауға байланысты шығыстарды төлеу.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Villa 51, 10 Dang Thai Mai str., Tay Ho district, Hanoi

Телефон арқылы хабарласыңыз:+84 24 3718 0777 және/немесе электрондық пошта: timur.87753585379@gmail.com

Дата публикации
23 января 2026
Дата обновления
23 января 2026
Тип

Сейчас читают

23 января 2026
Қазақстан Республикасының шетелде қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
04 апреля 2025
Консулдық алым мөлшерлемелері
Ақпарат
02 апреля 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары