Меню

Страницы

Статья

Жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Вьетнам Социалистік Республикасына шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим қолданылады. ҚР азаматтары үшін болу мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап "30" күнтізбелік күнді, "180" күнтізбелік күн ішінде жиынтық "90" күнтізбелік күнді құрайды. Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: ҚР азаматының паспорты.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

  • Вьетнамға/Вьетнамнан әкелуге/әкетуге тыйым салынған заттар:
  • Есірткі және психотроптық заттар қауіпті химиялық заттар қару-жарақ оқ-дәрілер отшашулар стратегиялық шикізат өңделмеген гауһар тастар, жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер
  • Жоғарыда аталған заттарды қолданыстағы лицензиясыз медициналық анықтамасыз немесе ресми рұқсатсыз Вьетнамға//Вьетнамнан әкелу/әкету жағдайында, жолаушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін 

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  • Тұрақты

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Вьетнамда болған кезде Сізге ел заңдары қолданылып оны қатаң сақтауға міндеттісіз. Болу елінің заңдарын білмеу Сізді жауапкершіліктен босатпайды
  • Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстанып, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес реттеп, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтағаныңыз жөн
  • Жергілікті тілдегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді
  • Ел туралы қосымша ақпаратпен танысуды ұсынамыз саяси жағдай климаттық жағдайлар заңдар мен ұлттық дәстүрлер қоғамдық және басқа жерлерде мінез-құлық ерекшеліктері

Пайдалы ақпарат:

  • Мобильді карталарды алдын ала орнату Google maps
  • Электрондық төлем жүйелерінің ерекшеліктері MOMO VNpay, Apple Pay.
  • Банк карталарының ерекшеліктері Visa Mastercard, Union Pay және басқалары.
  • SIM картасын сатып алу немесе роумингті қосу

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Дата публикации
02 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 января 2026
Қазақстан Республикасының шетелде қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
04 апреля 2025
Консулдық алым мөлшерлемелері
Ақпарат
02 апреля 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары