
1994
1. Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкімет басшыларының бірлескен мәлімдемесі. Алматы, 13.06.94. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 01.02.94. 1995 жылы 27 желтоқсанда күшіне енді
2009
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім. Астана, 15.09.09. 2014 жылдың 7 сәуірінде күшіне енді
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 15.09.09. 12.02.2010 күшіне енді
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім. Астана, 15.09.09. 2010 жылдың 11 сәуірінде күшіне енді
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Вьетнам Социалистік Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы келісім. Астана, 15.09.09. 2010 жылғы 9 желтоқсанда күшіне енді
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы консультациялар туралы хаттама. Алматы, 01.02.94. Қол қойылған сәттен бастап күшіне енді
8. "ҚазМұнайГаз" ҰК "АҚ мен" ПетроВьетнам " Вьетнамның Мұнай және газ корпорациясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Астанада 2009 жылғы 15 қыркүйекте қол қойылды
9. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Вьетнам Социалистік Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келісім. Астанада 2009 жылғы 15 қыркүйекте қол қойылды
10. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Астанада 2009 жылғы 15 қыркүйекте қол қойылды
2011
11. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чуонг Тан Шангтың бірлескен мәлімдемесі. Ханойда 2011 жылдың 31 қазанында қол қойылды
12. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Ханойда 2011 жылдың 31 қазанында қол қойылды. Күшіне енген жоқ
13. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс салығына қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім. Ханойда 2011 жылдың 31 қазанында қол қойылды. Күшіне енді.
14. Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім. Ханойда 2011 жылдың 31 қазанында қол қойылды. Күшіне енді.
15. 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама. Ханойда 2011 жылдың 31 қазанында қол қойылды. Күшіне енді.
16. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасын ашу туралы келісім. Ханойда 2011 жылдың 31 қазанында қол қойылды. Күшіне енді.
17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум. Ханойда 2011 жылдың 31 қазанында қол қойылды
2012
18. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктерді карантин және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астанада 2012 жылғы 12 қыркүйекте қол қойылды.
19. Астана мен Ханой қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандум. Астанада 2012 жылғы 12 қыркүйекте қол қойылды.
20. ҚР Ұлттық Банкі мен СРВ Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Астанада 2012 жылғы 12 қыркүйекте қол қойылды.
2015
21.Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2015 жылдың 30 мамырында қол қойылды
22. Вьетнам Социалистік Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасы. 2015 жылдың 30 мамырында қол қойылды
23. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Петровьетнам" КМГ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. 2015 жылдың 30 мамырында қол қойылды
24. "ҚазТрансГаз" АҚ мен "Петровьетнам"КМГ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. 2015 жылдың 30 мамырында қол қойылды
25. "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпараттық агенттігі мен Вьетнам Жаңалықтар агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
2016
26. "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы мен Вьетнам Ұлттық теледидары арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.
2023
27. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Ұлттық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардың өзара күшін жою туралы келісім.
2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
28. 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
29. Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
30. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
31. "Хабар "Агенттігі" АҚ мен "Vietnam Television"арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
32. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен "Vietjet Aviation Joint Stock Company" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
33. ҚР СІМ Инвестиция комитеті мен ВСР Инвестициялар агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
34. ҚР СІМ Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
35. "ҚМГ" АҚ мен "Sovico Group" арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар туралы өзара түсіністік туралы Меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
36. "Қазпошта" АҚ мен Vietnam Post арасындағы электрондық коммерцияны және басқа да пошта бағыттарын дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
37. "ҚТЖ "ҰК" АҚ мен "Sovico Group" арасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
38. "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен Вьетнамның "VietTrade" сауда-саттыққа жәрдемдесу агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды
39. Microtech DFS Vietnam Company Limited және "Vela Corporation" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2023 ж. 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылды