Азаматтықтан шығу – Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың бір түрі. Шетелде тұрақты тұратын адамның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.
Мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:
Егер адамның Қазақстан Республикасы алдында орындалмаған міндеттемелері немесе мүліктік міндеттері болса;
Егер адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланса немесе ол соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жатса не Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келсе.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген тұрақты тұруға шығуға рұқсат.
Соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.
Балалардың туу туралы және неке қию туралы куәліктерінің көшірмелері (бар болса).
Шетел азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат.
Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасында тұратын жұбайынан (зайыбынан), өтініш берушінің ата-анасынан немесе оның асырауындағы адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға және материалдық немесе басқа да талаптардың жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініш-келісім, не олардың қайтыс болуы туралы куәліктерінің көшірмелері, азаматты қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі (бар болса).
Өтінішті кәмелетке толмаған адам берген кезде оның жазбаша мақұлдауы қажет (14 жастан 18 жасқа дейін).
Толық құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап 6 айға дейін