Меню

Страницы

Статья

Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу

Қызмет берушіге жүгінген кезде неке жасына толған адамдар мыналарды ұсынады:

  • Некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
  • некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);
  • Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
  • некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың некелік құқық қабілеттілігі туралы анықтамалары (АХАТ АЖ-да өтініш берушілер туралы мәліметтер болған жағдайда талап етілмейді);
  • бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың заңды күшіне енгені туралы белгісі бар шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы, жұбайлардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі (салыстыру үшін);
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған жағдайда, мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: дәрігерлік-консультациялық комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар.

Неке жасына толмаған адамдар қосымша мыналарды ұсынады:

  •  неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті ата-аналары не қорғаншылары (қамқоршылары) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін тудыратын себептерді көрсете отырып және қажетті құжаттарды қоса бере отырып ұсынады;
  • неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (дәрігерлік-консультациялық комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-ананың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған баланың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған баланың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары);
  • некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі;
  • кәмелетке толмаған ата-ананың туу туралы куәлігі, кәмелетке толмаған баланың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмаған баланың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары (салыстыру үшін).

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не шет мемлекеттің елтаңбалық мөрімен бекітілген, өз құзыреті шегінде және белгіленген нысанда арнайы уәкілеттік берілген тұлға куәландырған құжаттар арнайы куәландыру (заңдастыру немесе апостильдеу) процедурасынан өткеннен кейін ғана қабылданады. Бұл заңдастыру/апостильдеу туралы талап 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің азаматтарына қолданылмайды.

 Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға тиіс.

  • заявление;
  • жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (тулу, неке қию/некені бұзу туралы куәлік), жоғалған жағдайда оның жоғалғанын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсету қажет;
  • өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль штампы бар, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен, акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттілігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
  • 20 еуро мөлшеріндегі консулдық алымның төленгені туралы түбіртектің түпнұсзы;
  • қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • 15 күнтізбелік күн өткен соң - құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап;
  • тиесілі құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, баланың тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған жағдайда, 15 күнтізбелік күнге дейін немесе бұл мерзімді ұзартады, бірақ 15 күнтізбелік күннен асырмайды;
  • себебі мен растайтын құжаттар міндетті түрде көрсетіле отырып, ерекше мән-жайлар (жүктілік, баланың тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде өтініш берілген күні.
  • 30 еуро
  • Generalkonsulat von Kasachstan

    IBAN: DE 29 1007 0100 0356 6999 01

    BIC: DEUTDEBB101

Құжаттарды қабылдау:  күн сайын (сәрсенбі, сенбі және жексенбіден, сондай-ақ мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін.

Кезекке брондауды мына сілтеме бойынша жасауға болады.

Мекенжайы: Bei Schuldts Stift 3, 20355 Hamburg

Мына телефон бойынша хабарласыңыз: +49 (0) 403 037 64 83 және/немесе электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz.

Дата публикации
26 марта 2026
Дата обновления
09 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2026
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мүдделерін білдіру» бағдарламасы шеңберінде қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
26 марта 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау
Ақпарат
26 марта 2026
Шетелде баланың туу фактісін мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары