Меню

Страницы

Статья

Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін:

Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалармен, не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  • өтініш жұбайлардың бірінің жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі, сондай-ақ жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы;
  • қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
  • жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі не жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімі (салыстыру үшін);
  • неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не шет мемлекеттің елтаңбалық мөрімен бекітілген, өз құзыреті шегінде және белгіленген нысанда арнайы уәкілеттік берілген тұлға куәландырған құжаттар арнайы куәландыру (заңдастыру немесе апостильдеу) процедурасынан өткеннен кейін ғана қабылданады. Бұл заңдастыру/апостильдеу туралы талап 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің азаматтарына қолданылмайды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға тиіс.

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (тулу, неке қию/некені бұзу туралы куәлік), жоғалған жағдайда оның жоғалғанын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсету қажет;
  • өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль штампы бар, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен, акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттілігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
  • 20 еуро мөлшеріндегі консулдық алымның төленгені туралы түбіртектің түпнұсқасы;
  • қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • жеке тұлғалар бірлескен өтініш берген күннен бастап 30 күн өткен соң;
  • бас бостандығынан айыру орындарындағы екінші жұбайдан немесе әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысынан не хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыдан көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасын алған күннен бастап 45 күннен кейін, хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғамен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу;
  • құжаттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет алушыға хабарлай отырып, мерзім 30 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
  • 40 еуро
  • Generalkonsulat von Kasachstan

    IBAN: DE 29 1007 0100 0356 6999 01

    BIC: DEUTDEBB101

Құжаттарды қабылдау: күн сайын (сәрсенбі, сенбі және жексенбіден, сондай-ақ мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін.

Кезекке брондауды мына сілтеме бойынша жасауға болады.

Мекенжайы: Bei Schuldts Stift 3, 20355 Hamburg

Мына телефон бойынша хабарласыңыз: +49 (0) 403 037 64 83 және/немесе электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz.

Дата публикации
03 декабря 2025
Дата обновления
09 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2026
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мүдделерін білдіру» бағдарламасы шеңберінде қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
26 марта 2026
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу
Ақпарат
26 марта 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары