- Өтініш қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы.
- Медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін).
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
- Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат.
- Қажет болған жағдайда жақын туыстықты растайтын құжат (салыстыру үшін).
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не шет мемлекеттің елтаңбалық мөрімен бекітілген, өз құзыреті шегінде және белгіленген нысанда арнайы уәкілеттік берілген тұлға куәландырған құжаттар арнайы куәландыру (заңдастыру немесе апостильдеу) процедурасынан өткеннен кейін ғана қабылданады. Бұл заңдастыру/апостильдеу туралы талап 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердин азаматтарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға тиіс.