Консулдық заңдастырудың немесе апостильдің қажет екенін қалай білуге болады?
Егер құжат пайдаланылады деп жоспарланған мемлекет 1961 жылғы Гаага конвенциясына қатысушы болса — бұл «апостиль» штампы қажет дегенді білдіреді. Кері жағдайда — консулдық заңдастыру талап етіледі.Қандай жағдай болмасын, ең маңызды шынайы ақпарат көзі заңдастырылған құжат ұсынылуы тиіс ұйым болып табылады, өйткені кейде тіпті бір мемлекеттің шеңберінде әртүрлі органдар шетелдік құжаттарды заңдастыруға әртүрлі талаптар қояды. Сондықтан заңдастыру түріне қойылатын талаптарды құжатты тапсыруды жоспарлап отырған органнан нақтылауыңыз қажет.