- Туу, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу және некелік құқық қабілеттілігі туралы қайтадан куәлік (анықтама) беру туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін).
- Бастапқы туу/неке қию/некені бұзу/қайтыс болу туралы куәлік (бар болса).
- Қызмет алушы өкілінің жүгінуі жағдайында нотариалды куәландырылған сенімхат.
- Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Қайтыс болу туралы қайтадан куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берілген жағдайда қайтыс болған адаммен туыстықты растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша қоса беріледі.
Некелік құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер қызмет алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не шет мемлекеттің елтаңбалық мөрімен бекітілген, өз құзыреті шегінде және белгіленген нысанда арнайы уәкілеттік берілген тұлға куәландырған құжаттар арнайы куәландыру (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады. Бұл заңдастыру/апостильдеу туралы талап 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің азаматтарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға тиіс.