Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Азаматтықты жоғалту – Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың бір түрі.

Азаматтық келесі жағдайларда жоғалады:
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адам басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік пен басқару органдарына қызметке орналасқанда;
  • егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынған болса;
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
  • егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
  • адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныған жағдайда;
  • шетелдіктердің балап алуына берілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз еркімен білдірген қалауы бойынша;
  • адамның шет мемлекеттің аумағындағы шетелдік қарулы қақтығыстарға, экстремистік және (немесе) террористік әрекеттерге қатысуы салдарынан.

          

Шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам осы факт туралы отыз күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне хабарлауға және паспортты және (немесе) жеке куәлікті тапсыруға міндетті.

  • Өтініш;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі). Олар болмаған жағдайда жазбаша түсініктеме және осы фактіні растайтын құжаттар (полициядан қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар анықтама) ұсынылады;
  • ГФР паспортының көшірмесі немесе қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасы бар ГФР азаматтығының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (Einbürgerungsurkunde / Staatsangehörigkeitsurkunde / Vertriebenenbescheinigung).
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын басып шығарылған құжат (Quittungsbeleg, Kontoauszug).

Азаматтың дербес деректері (Т.А.Ә.) өзгерген жағдайда:

  • Қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар растаушы құжат (Namensänderung).

Ата-анасы (Қазақстан Республикасының азаматы немесе бұрынғы азаматы) кәмелетке толмаған бала үшін құжаттар тапсырған кезде:

    • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    • ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

ЕСКЕРТУ: Шет мемлекет паспортының аудармасы талап етілмейді.

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтама беру туралы өтініш келіп түскен кезде шетелдегі мекеме бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге еркін нысанда жасалған тиісті анықтаманы ресімдейді.
  • Қызмет - тегін;
  • Анықтама беру - 45 еуро.
  • Generalkonsulat von Kasachstan

    IBAN: DE 29 1007 0100 0356 6999 01

    BIC: DEUTDEBB101

Құжаттарды қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі және жексенбіден, сондай-ақ мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін.

Кезекке жазылуды мына сілтеме бойынша брондауға болады.

Мекенжайы: Bei Schuldts Stift 3, 20355 Hamburg

Мына телефон бойынша хабарласыңыз: +49 (0) 403 037 64 83 және/немесе электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz.

 

Дата публикации
01 декабря 2025
Дата обновления
09 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2026
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мүдделерін білдіру» бағдарламасы шеңберінде қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
26 марта 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау
Ақпарат
26 марта 2026
Шетелде баланың туу фактісін мемлекеттік тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары