Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын рәсімдеу

Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі арқылы келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетеді:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын;
  • шетел аумағында орналасқан оқу орындарында оқитын;
  • шетелде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде дүниеге келген кәмелетке толмағандар;
  • жоғарыда аталған тұлғалармен бірге тұратын отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдік азаматтың отбасы мүшелері;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері;
  • өздігінен күтім жасай алмайтын егде жастағы адамдар, сондай-ақ өмір сүру қызметін шектейтін дене мүшелерінің тұрақты бұзылуымен денсаулық жағдайында кемістігі бар адамдар және өздігінен күтім жасай алмайтын жақын туыстарына күтім жасайтын адамдар;
  • шетелдік мемлекетте қамауда отырған, ұсталған немесе жазасын өтеп жатқан тұлғалар.

 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстан Республикасының жеке куәліктерін беру консулдық мекеменің құзыретіне кірмейді.

Құжаттар екі данада ұсынылуы тиіс.

  • 2. Қазақстан Республикасының паспорты және оның көшірмесі (бірінші беті және консулдық есепке қойылғаны туралы мөрі бар беті).
  • 3. Тұрақты тұру мәртебесін растайтын құжат және оның көшірмесі (Aufenthaltstitel), немесе оқуын, шетелде жұмыс істеуін, отбасылық жағдайын немесе өмір сүру қызметін шектейтін дене мүшелерінің тұрақты бұзылуымен денсаулық жағдайын растайтын құжаттар.
  • 4. Германия азаматтығын алмағаны туралы анықтама және оның көшірмесі (Negativbescheinigung). Германия азаматтығын алуға өтініш бермегеніңізді растайтын анықтама (берілген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы керек), қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасымен.
  • 5. Неке қию / неке бұзу / қайтыс болу туралы куәліктер. Егер неке / неке бұзу / қайтыс болу Германияда тіркелсе, «Апостиль» мөрі және қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасы міндетті.
  • 6. Консулдық алымның төленгенін растайтын баспа құжаты (Quittungsbeleg, Kontoauszug).
  • 7. Төрт түрлі-түсті фотосурет 3.5x4.5 см (фотосуреттер өтініш берушінің қазіргі жасына сәйкес келуі керек, жарық фон алдында бет-әлпеті бейтарап, ауыз жабық, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75% алып тұруы керек. Фотосуреттер тығыз қағазда фотосурет әдісімен басып шығарылуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшірмелеу арқылы алынған суреттерді қолдануға тыйым салынады).
  • 8. 16 жасқа толмаған бала паспорт алған жағдайда
    • Туу туралы куәлік және баланың азаматтығын растау үшін ата-ананың біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Балаға ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжат алуға шетелдік ата-ананың нотариалды куәландырылған келісімі (егер бала ҚР-дан тыс жерде дүниеге келсе және ата-аналары әртүрлі азаматтықта болса, олардың біреуі бала дүниеге келген кезде ҚР азаматы болса, және екеуінің де сол уақытта ҚР-дан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса).

Құжаттар екі данада ұсынылуы тиіс.

  • 3) Туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  • 4) ҚР азаматы паспортының нотариалды расталған көшірмелері (бар болса), немесе жеке басыңызды куәландыратын және ГФР-ға тұрақты тұруға кіргеніңізді растайтын басқа құжаттар.
  • 5) Германия азаматтығын алмағаны туралы анықтама және оның көшірмесі (Negativbescheinigung). Германия азаматтығын алуға өтініш бермегеніңізді растайтын анықтама (берілген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы керек), қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасымен.
  • 6) Паспорттың жоғалғаны туралы полицияға арыз бергеніңізді растайтын анықтама (қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасымен).
  • 7) Неке қию / неке бұзу / қайтыс болу туралы куәліктердің түпнұсқасы мен көшірмесі. ГФР құзырлы органдары берген құжаттар үшін «Апостиль» мөрі және куәліктің қазақ немесе орыс тіліне куәландырылған аудармасы міндетті.
  • 8) Фотосуреттер 3.5x4.5 – 4 дана (матты) (Фотосурет өтініш берушінің қазіргі жасына сәйкес келуі тиіс, жарық фон алдында, езу тартпай, бетінің 75%-дан астамын алып тұруы керек).
  • 9) Төлем түбіртегінің түпнұсқасы, сондай-ақ төлемді растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (Kontoauszug).
  • Құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 90 күнтізбелік күн
  • 75 еуро
  • Generalkonsulat von Kasachstan

    IBAN: DE 29 1007 0100 0356 6999 01

    BIC: DEUTDEBB101

Құжаттарды қабылдау:  күнделікті (сәрсенбі, сенбі және жексенбі, сондай-ақ мереке күндерінен басқа) сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін.

Жазылу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Мекен-жайы: Bei Schuldts Stift 3, 20355 Hamburg

Мына телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: +49 (0) 403 037 64 83 және/немесе электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz.

 

Дата публикации
01 декабря 2025
Дата обновления
22 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2026
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мүдделерін білдіру» бағдарламасы шеңберінде қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
26 марта 2026
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу
Ақпарат
26 марта 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары