- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің белгіленген нысандағы бекітілген үлгідегі қолдаухаты.
1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны ратификациялаған елде тұрақты тұратын ҚР азаматтары және Конвенцияны ратификациялаған елдің азаматтары болып табылатын шетелдіктер үшін осы елдің қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдарының қолдаухатын ұсыну қажет.
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген шетелдіктердің фотосуреті бар толтырылған есепке алу карточкасы.
- ҚР азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда, бала он сегіз жасқа толғанға дейін оның өмір сүру, оқу, тәрбиелену жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есептерді бала асырап алу жөніндегі агенттіктер немесе қызметті беруші арқылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша міндеттемелерді өзіне алу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостиль қойылған өтініш-келісімі.