✨ Нидерландтағы Наурыз-2025! ✨

✨ Нидерландтағы Наурыз-2025! ✨
Құрметті достар! 🌿🌞
 
Нидерландтағы Қазақстан Елшілігі Еуропадағы, әсіресе Нидерландтағы қазақ диаспорасына қолдау көрсете отырып, Гаагада (Rijswijk) өтетін Наурыз мерекесін қуана хабарлайды! 🎊
 
Бұл іс-шара отандастарымыздың бастамашыл тобының ұйымдастыруымен өтеді. Олар сіздерге шынайы қонақжайлықты, ұлттық дәстүрлердің сән-салтанатын және көктемнің жылуын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше мереке сыйламақ! 🌷✨
 
📅 Күні: 2025 жылғы 5 сәуір
📍 Өтетін орны: Mahzen мейрамханасы, Visseringlaan 22A, 2288 ER Rijswijk (Гаага), Нидерланд
🕔 Басталу уақыты: 17:00
🎟️ Билет бағасы:
👶 4 жасқа дейінгі балалар – тегін
👦 5-12 жас аралығы – 25 €
🧑‍🦱13 жастан жоғары және ересектер – 50 €
⚠️ Орын саны шектеулі! 🎟️🔥
🚗 Автотұрақ – тегін
💥 Сізді не күтіп тұр? 💥
🎤 Қонақтарды жылы қарсы алу және құттықтау
🍲 Дәстүрлі қазақ тағамдары
🎶 Жанды музыка және өнер көрсетулер
💃 Ойын-сауық, байқаулар және билер
📸 Ұмытылмас естеліктер мен ерекше атмосфера
🔥 Тіркелу мерзімі – 2025 жылғы 21 ақпан! 🔥
📩 Билеттерді сатып алу бойынша сұрақтар болса, ұйымдастырушыларға хабарласыңыз. Олардың байланыс нөмірлері суретте көрсетілген.
 
💛 Көктемді бірге қарсы алып, дәстүрлерімізді жаңғыртып, бірлігімізді нығайтайық! 🌿🎉