
Гаага, 2025 жылғы 20 қаңтар – Қазақстан Республикасының Нидерланд Королдігіндегі Елшісі Қайрат Абдрахманов Еуропалық полиция басқармасының (Еуропол) штаб-пәтерінде әдептілік визитін жасап, бұл Еуропалық Одақтың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық бойынша маңызды агенттігінің қызметімен танысты. Еурополдың қазіргі қызметі Еурополдың Басқарушы директорының орынбасары Юрген Эбнермен таныстырылды, ол Еурополдың негізгі жұмыс бағыттары ретінде ЕО мүшелері елдеріне есірткі саудасы, киберқылмыс және терроризм сияқты халықаралық қылмыстың барлық ауыр түрлерімен күресуге қолдау көрсетуін атап өтті.
Еуропалық тарапты Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құру шаралары, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару үшін құқық қорғау органдарында тиісті құқықтық негіздер мен құрылымдарды қалыптастыру қызықтырды. Сонымен қатар, Еуропол өз қызметін тек ЕО шеңберінде ғана емес, басқа серіктестермен де, әсіресе өз азаматтарының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда ынтымақтастықта жүзеге асыратыны айтылды. Тараптар үшін жаңа технологияларды қылмыстық әлемнің қолдануы аясында қазіргі заманғы қылмыс түрлерімен күресу саласындағы сараптамалық білім алмасу ерекше қызығушылық тудырды.