Қазақстанның туристік әлеуеті Нидерландтағы «Vakantiebeurs 2025» халықаралық көрмесінде таныстырылды

Қазақстанның туристік әлеуеті Нидерландтағы «Vakantiebeurs 2025» халықаралық көрмесінде таныстырылды

Утрехт, Нидерланды — 2025 жылғы 8-12 қаңтар аралығында Еуропадағы ең ірі көрмелердің бірі саналатын «Vakantiebeurs 2025» халықаралық туристік көрмесінде Қазақстанның туристік әлеуеті кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігінің белсенді қолдауымен ұйымдастырылған ел стенді жалпы жұртшылықтың, сала мамандары – туризм индустриясының сарапшылары мен нидерландтық жетекші туристік компаниялар өкілдерінің назарының орталығына айналды.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының шетелдік өкілі Арджан Лангейк баяндама жасап, Қазақстанның туристік мүмкіндіктерінің алуандығы туралы айтып, тау шаңғысы курорттарына, табиғаты ерекше көркем аймақтарға және бай мәдени мұрасы бар көне қалаларға ерекше назар аударды.

Қонақтар туристік маршруттар туралы ақпарат алып, мәдени іс-шараларға қатысып, Қазақстандағы туризмнің болашағы туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар, стенд қонақтарына Еліміздің болашақ экономикалық өсуіне, әлеуметтік прогреске және инновацияларды дамытуға бағытталған «Born Bold» бастамасы ұсынылды.