
Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі мен KazakhInvest АҚ Еліміздің ауылшаруашылық мамандарының Нидерландқа іссапарын ұйымдастырды. Сапардың мақсаты ауыл шаруашылығын бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайту және Қазақстандағы тұқым шаруашылығының болашағын талқылау болды.
Сапар барысында қатысушылар Эммелорд қаласындағы NAK (Ауыл шаруашылығы тұқымдары мен тұқымдық картопты инспекциялау бойынша Нидерландтың Бас инспекция қызметі) өкілдерімен нәтижелі кездесулер өткізді. NAK өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығын бақылау саласындағы жетістіктерін атап өтіп, оның стандарттарының Еуропалық Одақ деңгейіне сәйкес келетінін айтты. Олар сондай-ақ Қазақстанның бұл стандарттарды одан әрі арттыруға толық мүмкіндігі бар екенін ерекше атап өтті.
Сапар барысында NAK және Naktuinbouw тарапынан қазақстандық ауыл шаруашылығы санитарлық сарапшыларына арналған курстары талқыланды. Елшілік қолдауымен ұйымдастырылған бұл курстар екі жақтың ауыл шаруашылық бағытын дамытудағы ынтасын анық көрсетеді.
Іссапар тәжірибе алмасуда және Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуда Нидерландтың негізгі серіктес ретіндегі рөлін нығайтуда маңызды қадам болды. Ынтымақтастық екі ел үшін ауыл шаруашылығы инновациялары мен тұқым шаруашылығының өсуі тұрғысынан пайдалы.